Басты бетГлавная · ДұғаларМолитвы

ДұғаларМолитвы

Жаназа дұғалары, қабір басында оқылатын дұға және Құран бағыштау үлгісі. Араб жазуы, кириллица транскрипциясы және аудармасы.Молитвы джаназа, молитва у могилы и образец посвящения чтения Корана. Арабское письмо, транскрипция кириллицей и перевод.

Мұндағы мәтіндер жақындарына жеңіл болсын деген ниетпен, көпшілікке белгілі қалыпта берілген. Оқылу тәртібі мен айтылуында күмән туса, имамнан сұраған жөн.Тексты приведены здесь для удобства близких, в общеизвестном виде. Если возникают сомнения в порядке чтения или в произношении, следует обратиться к имаму.

Имамнан сұрау: +7 (700) 900-20-26Спросить имама: +7 (700) 900-20-26

Жаназа намазындағы дұғаларМолитвы намаза джаназа

Жаназа намазы төрт тәкбірден тұрады. Бірінші тәкбірден кейін «Субхәнәкә», екіншісінен кейін салауат, үшіншісінен кейін марқұмға арналған дұға оқылады.Намаз джаназа состоит из четырёх такбиров. После первого читается «Субханака», после второго — салават, после третьего — молитва за покойного.

СубхәнәкәСубханака

Бірінші тәкбірден кейінПосле первого такбира

سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعَالَى جَدُّكَ، وَجَلَّ ثَنَاؤُكَ، وَلَا إِلَهَ غَيْرُكَ

Субхәнәкә Аллаһумма уә бихамдик, уә тәбәракәсмук, уә тә'әлә жәддук, уә жәллә сәнәәук, уә лә иләһә ғайрук.

Аллаһым, Сен барлық кемшіліктен пәксің, Саған мақтау айтамын. Сенің есімің берекелі, ұлылығың биік, мақтауың асқақ. Сенен басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ.О Аллах, Ты пречист от всякого недостатка, и Тебе хвала. Благословенно имя Твоё, превыше всего величие Твоё, и велика хвала Тебе. Нет божества, достойного поклонения, кроме Тебя.

СалауатСалават

Екінші тәкбірден кейінПосле второго такбира

اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ. اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

Аллаһумма салли ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә саллайтә ‘алә Ибраһимә уә ‘алә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун Мәжид. Аллаһумма бәрик ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әли Мухаммад, кәмә бәрактә ‘алә Ибраһимә уә ‘алә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун Мәжид.

Аллаһым, Ибраһимге және оның әулетіне рақымет еткеніңдей, Мухаммедке және оның әулетіне де рақымет ет. Шын мәнінде Сен мақтауға лайықсың, ұлысың. Аллаһым, Ибраһимге және оның әулетіне береке бергеніңдей, Мухаммедке және оның әулетіне де береке бер. Шын мәнінде Сен мақтауға лайықсың, ұлысың.О Аллах, благослови Мухаммада и род Мухаммада, как Ты благословил Ибрахима и род Ибрахима. Поистине, Ты Достойный хвалы, Славный. О Аллах, ниспошли благодать Мухаммаду и роду Мухаммада, как Ты ниспослал её Ибрахиму и роду Ибрахима. Поистине, Ты Достойный хвалы, Славный.

Марқұмға арналған дұғаМолитва за покойного

Үшінші тәкбірден кейінПосле третьего такбира

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا، وَشَاهِدِنَا وَغَائِبِنَا، وَصَغِيرِنَا وَكَبِيرِنَا، وَذَكَرِنَا وَأُنْثَانَا. اللَّهُمَّ مَنْ أَحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأَحْيِهِ عَلَى الْإِسْلَامِ، وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوَفَّهُ عَلَى الْإِيمَانِ

Аллаһуммағфир ли хаййинә уә майитинә, уә шәһидинә уә ғаибинә, уә сағиринә уә кәбиринә, уә зәкәринә уә унсәнә. Аллаһумма мән әхйайтәһу миннә фә әхйиһи ‘аләл-Исләм, уә мән тәуәффәйтәһу миннә фә тәуәффәһу ‘аләл-иман.

Аллаһым, тірімізді де, өлімізді де, осындағымызды да, жоқтағымызды да, кішімізді де, үлкенімізді де, ер-азаматымызды да, әйел-затымызды да кешіре гөр. Аллаһым, бізден кімді тірі қалдырсаң, оны Ислам үстінде тірі қалдыр, кімнің жанын алсаң, оның жанын иман үстінде ал.О Аллах, прости живым и умершим среди нас, присутствующим и отсутствующим, малым и взрослым, мужчинам и женщинам. О Аллах, кому из нас Ты даруешь жизнь, даруй её в Исламе, а кого из нас Ты упокоишь, упокой его в вере.

Қабір басында оқылатын дұғаМолитва, читаемая у могилы

Зиратқа кірген кезде айтылатын сәлем. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қабірлерге барғанда осылай сәлем беретін.Приветствие, которое произносят, входя на кладбище. С такими словами Пророк (мир ему) обращался к покоящимся.

Зират сәлеміПриветствие у могил

Зиратқа кірген кездеПри входе на кладбище

السَّلَامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، نَسْأَلُ اللَّهَ لَنَا وَلَكُمُ الْعَافِيَةَ

Әссәләму ‘аләйкум әһләд-дийәри минәл-му'мининә уәл-муслимин, уә иннә ин шәә Аллаһу бикум ләхиқун, нәс'әлу Аллаһә ләнә уә ләкумул-‘әфия.

Сендерге сәлем болсын, мұсылман және мүмін мекен иелері. Аллаһ қаласа, біз де сендерге қосыламыз. Аллаһтан өзімізге де, сендерге де амандық тілейміз.Мир вам, обитатели этих мест из числа верующих и мусульман. И мы, если пожелает Аллах, присоединимся к вам. Просим у Аллаха благополучия для нас и для вас.

Құран бағыштау үлгісіОбразец посвящения чтения Корана

Әдетте «Фатиха» сүресі оқылып, соңынан сауабы марқұмның рухына бағышталады.Обычно читают суру «Аль-Фатиха», после чего посвящают награду за чтение душе покойного.

«Фатиха» сүресіСура «Аль-Фатиха»

Құран Кәрімнің 1-сүресі, 7 аят1-я сура Корана, 7 аятов

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ ۝ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ۝ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ ۝ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ۝ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ ۝ اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ۝ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ

Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим. Әлхамду лилләһи Раббил-‘әләмин. Ар-Рахмәнир-Рахим. Мәлики йәумид-дин. Иййәкә нә‘буду уә иййәкә нәстә‘ин. Иһдинас-сыратал-мустақим. Сыраталләзинә ән‘әмтә ‘аләйһим, ғайрил-мағдуби ‘аләйһим уә ләд-даллин.

Мейірімді, рақымды Аллаһтың атымен. Барлық мақтау — әлемдердің Раббы Аллаһқа. Ол — мейірімді, рақымды. Қиямет күнінің Иесі. Біз Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана көмек тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр — өзің игілік бергендердің жолына, ашуыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес.Во имя Аллаха, Милостивого, Милосердного. Хвала Аллаху, Господу миров, Милостивому, Милосердному, Владыке Дня воздаяния. Тебе одному мы поклоняемся и Тебя одного просим о помощи. Веди нас прямым путём — путём тех, кого Ты облагодетельствовал, не тех, на кого пал гнев, и не заблудших.

Бағыштау сөзіСлова посвящения

Оқылған соң айтыладыПроизносится после чтения

Оқыған Құранымның, айтқан дұғамның сауабын Аллаһ Тағала қабыл алып, марқұм (марқұмның аты-жөні) рухына бағыштадым. Аллаһ Тағала иманын жолдас етіп, топырағын торқа, жатқан жерін жәннат етсін. Әл-Фатиха.

Прочитанное мною из Корана и произнесённую молитву прошу Аллаха принять и посвящаю душе покойного (имя покойного). Да простит его Аллах, да будет ему земля пухом и место его в раю. Аль-Фатиха.

Дұғалардың дыбыстық жазбалары дайындалып жатыр. Дайын болған соң әр дұғаның астында тыңдау мүмкіндігі пайда болады.Аудиозаписи молитв готовятся. Когда они будут готовы, под каждой молитвой появится возможность прослушивания.