QAMQOR-SHARAPAT — сенімнен туған қамқорлық
«QAMQOR-SHARAPAT» — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жанынан 2020 жылы құрылған салттық қызмет көрсету орталығы. Орталық жерлеу рәсімдеріндегі ысыраптың алдын алуды, рәсімдерді шариғат талаптарына сай жүйелеуді және халыққа ортақ жерлеу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді.
Орталық басшылығы
Наурызбай қажы Тағанұлы
Орталықтың негізін салушы
Мейрамбек Рсымов
QAMQOR-SHARAPAT орталығының директоры
Марқұмды соңғы сапарына ислам шариғаты талаптарына сай шығарып салуға байланысты рәсімдерді ұйымдастыру және халыққа толық сүйемелдеу қызметін көрсету. Құжаттарды рәсімдеуден бастап жаназа намазы мен еске алу шараларына дейін — отбасылар жалғыз қалмайды.
Басты мақсат
Зират тұрғызу мен зиярат етуде ысыраптан сақтандырып, шариғат аясында халыққа ортақ мәдениет қалыптастырып, оны келешек ұрпаққа аманат ету.
Жұмысымыздың негізгі принциптері
Жауапкершілік
Әрбір өтінішке мұқият қарап, отбасының жағдайын ескеріп, қызметті нақты әрі жүйелі ұйымдастырамыз.
Шариғат талаптарын сақтау
Жуындырудан бастап жерлеуге дейінгі барлық рәсім ҚМДБ бекіткен діни талаптар мен шариғат қағидаларына сәйкес орындалады.
Ысырапқа жол бермеу
Қажетсіз шығынды ұсынбаймыз. Отбасыға нақты қажетті қызметтерді ғана ұсынып, рәсімдердің қарапайым әрі орынды өтуіне мән береміз.
Бірыңғай тәртіп
Өңірлік ерекшеліктер мен дәстүрлерді құрметтей отырып, барлық филиалда ортақ қызмет көрсету стандартын сақтаймыз.
Жеке тәсіл
Әр отбасының жағдайы мен сұранысы әртүрлі. Сондықтан қызмет көрсету барысында олардың қажеттілігі мен мүмкіндігін ескереміз.
Тәулік бойы қолжетімділік
Орталық мамандары тәуліктің кез келген уақытында хабарласуға дайын. Кеңес беру және өтініш қабылдау қызметі 24/7 жұмыс істейді.
Біз қалай жұмыс істейміз
Өтінім қалдыру
Телефон немесе сайттағы онлайн форма арқылы.
Маман хабарласады
Қажетті мәліметтерді нақтылап, сұрақтарға жауап береді.
Құжаттарға көмек
Медициналық анықтамалар, қайтыс болу туралы куәлік, басқа рәсімдер бойынша кеңес.
Күн мен уақытты белгілеу
Жаназа күні мен уақыты туыстардың келісімі бойынша анықталады.
Жерлейтін орынды ұйымдастыру
Қабір орны анықталып, қажетті рәсімдер жүргізіледі.
Жуындыру және кебіндеу
Марқұмды ислам шариғатына сай жуындыру және кебіндеу.
Жаназа намазын ұйымдастыру
Мешітпен және имаммен келісіліп өткізіледі.
Арнайы көлікпен тасымалдау
Мешітке және зиратқа жеткізу.
Жерлеу рәсімі
Шариғат талаптарына сай толық орындалады.
Құран бағыштау
Марқұмға Құран бағыштау және қажет жағдайда еске алу асын ұйымдастыруға көмек.