Елімізге белгілі «ҚазАэроСпейс», «Жеті ата» және «SHARAPAT-Digital» компанияларымен жасалған зираттарды цифрландыру меморандумы аясында Орталық мамандары арнайы жұмыс тобымен республиканың барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларындағы зираттарға жүргізілген цифрландыру жұмыстарына атсалысуда. Ондағы мақсат, ел аумағындағы зираттарды түгендеу, зираттар туралы деректер базасын қалыптастыру.